Экономика және құқықтану бөліміне қарасты Құқықтану кафедрасының

“Нормативтік құқықтық актілер – құқықтың қайнар көздері” атты апталығы аясында жоспарға сәйкес оқытушылар Бердіғожина Маусымжан Лесқалиқызы мен Оразайева Жадыра Молдабайқызының ұйымдастыруымен “Олимпиада” сайысы өткізілді.
Сайыс құқықтану мамандығының 3 курс студенттері арасында ұйымдастырылып, Неке және отбасы заңнамасы мен Еңбек Кодекстерінен сұрақтар қойылу арқылы 8 студент сайысқа қатысушылар ретінде іріктелініп алынды.
Сайыстың бірінші кезеңінде әр студентке Қазақстан Республикасы Конституциясынан, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстен және Қылмыстық Кодекстен сұрақтар қойылды.
 Сайыстың екінші кезеңі “Шерлок коды” деп аталады. Бұл кезеңде қылмыскерлердің слэнг тілін пайдалануындағы қазақ алфавиті арқылы жасырылған әкімшілік құқық пәніне қатысты жасырын сөзді табу болды. Сайыстың үшінші кезеңінде “Судья” деп аталатын, қатысушылардың қылмыстық құқық сабағына қатысты санкцияларды дұрыс пайдалана алуына қатысты болды.
Сайысқа қатысушыларды әділқазы алқалары бағалап, сайыс өз мәресіне жетті.13:40