«Шетел тілі пәндері» кафедрасының әдістемелік онкүндігі аясында оқытушы А.К. Журканова «Аударма ісі» мамандығының 11/24.21 тобымен «Аудармашының кодексі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты — болашақ аудармашылардың кәсіби этикасы, жауапкершілігі мен тілдік дәлдігі туралы түсініктерін тереңдету, сондай-ақ заманауи цифрлық құралдарды оқу үдерісінде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру болды. Жаңа тақырып мазмұнды әрі жүйелі түрде түсіндіріліп, теория мен тәжірибе өзара сабақтастықта ұсынылды.
Сабақ барысында D-ID AI, ChatGPT, LearningApps.org сияқты интернет-ресурстар кеңінен қолданылып, студенттер түрлі интерактивті жаттығулар орындады. Тапсырмалар білім алушылардың логикалық ойлауын, кәсіби терминологияны меңгеруін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Сонымен қатар сұрақ-жауап форматында студенттердің пікірлері тыңдалып, аудармашы мамандығының кәсіби ұстанымдары мен этикалық нормалары жөнінде мазмұнды талқылау жүргізілді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың қызығушылығы мен белсенділігімен ерекшеленді.




