You are currently viewing «Эксгумация» тақырыбындағы ашық сабақ

«Эксгумация» тақырыбындағы ашық сабақ

“Құқықтану” кафедрасының әдістемелік апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Дюсенова Зульфия Амангалиевнаның практикалық ашық сабағы өткізілді.

Сабақтың тақырыбы – «Эксгумация».
Сабақтың мақсаты – студенттерге эксгумацияның (жерленген мәйітті қазып алу) сот-медициналық маңызын, оның құқықтық негіздерін, ұйымдастыру тәртібін және диагностикалық мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндіру болды.

Сабақ барысында бұл процесті қылмыстық істерді тергеу кезінде дұрыс қолдану, тергеу әрекеттерінің заң талаптарына сай жүргізілуі және сот-медициналық сараптаманың маңызы туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар студенттердің кәсіби ойлау қабілетін дамытуға және болашақ құқық қорғау саласындағы маман ретінде тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Практикалық бөлімде студенттер нақты мысалдармен жұмыс жасап, эксгумация жүргізу кезеңдерін талдады. Олар тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібін, эксгумацияның құқықтық-криминалистикалық ерекшеліктерін және дәлелдемелерді жинау мен тіркеу талаптарын қарастырды.

Ашық сабақ интерактивті форматта өтіп, студенттер белсенділік танытып, тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді. Мұндай сабақтар білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.