📚 Құқықтану кафедрасының апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Жусупова Шолпан Саламатовна ашық сабақ өткізді.
⚖️ Сабақтың тақырыбы: «Қылмыстық жаза».
🎯 Ашық сабақтың мақсаты – студенттерді қылмыстық заңнаманы дұрыс түсінуге баулу, құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдарын үйрету, сондай-ақ қылмыстық жазаны нақты әрі әділ қолдану қағидаларын меңгерту болды.
👩🎓👨🎓 Сабақ барысында студенттер қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдарымен танысып, жаза түрлерін талқылады. Сонымен қатар, түрлі өмірлік жағдайлар мен нақты мысалдарды талдау арқылы өз білімдерін бекітіп, құқықтық нормаларды тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастырды.
💬 Сабақ белсенді әрі мазмұнды өтті. Студенттер пікір алмасып, сұрақтарға жауап беріп, құқықтық тақырыптағы тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Мұндай ашық сабақтар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың болашақ кәсіби дайындығына оң әсерін тигізеді.
