You are currently viewing Білім берудегі жасанды интеллект: педагогтердің цифрлық дамуы

Білім берудегі жасанды интеллект: педагогтердің цифрлық дамуы

✅ «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы, Атырау облысының білім басқармасы және «Daryn Ustaz» орталығы бірлесіп, педагогтерге арналған
🤖 «Білім берудегі жасанды интеллект: инновациялық технологиялар мен оқу үдерісінің цифрлық трансформациясы»
тақырыбында 80 академиялық сағаттық біліктілік арттыру онлайн курсын сәтті өткізді 💻📚
🔰 Шараның негізгі мақсаты – жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне тиімді енгізу және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру 🚀
📌 Жоба аясында педагогтер:
📑 сабақ жоспарларын, тестілерді, БЖБ/ТЖБ құжаттарын ЖИ көмегімен автоматтандыруды үйренді;
⏰ икемді оқу кестесі арқылы жұмыстан қол үзбей білім алу мүмкіндігіне ие болды;
🏆 Курстан кейін педагогтер жобаларын өткізіп, «Мұғалім AMANAT» республикалық конкурсына үздік 400 оқытушы қатарынан іріктеліп, Астанада өтетін ПедХакатонға қатысу мүмкіндігіне ие болады;
✈️ Қорытындысында республика бойынша жеңімпаз 20 педагогке 🇰🇷 Оңтүстік Кореяда тегін тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылады.
🎓 Курс қорытындысы бойынша колледжімізден 30 педагогке 📜 80 академиялық сағаттық сертификат табысталды.
🌟 Тыңдаушыларымыз «Мұғалім AMANAT» республикалық конкурсына — жасанды интеллект курсына қатысқан үздік педагогтер байқауына қатысып,
💡 өз жобаларын дайындау процесінде!
👏 Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!