You are currently viewing WorldSkills Достық чемпионатында студенттеріміз жүлделі орын иеленді

WorldSkills Достық чемпионатында студенттеріміз жүлделі орын иеленді

Осы жылдың 13 наурызында «APEC PetroTechnic High College» ұйымдастырған «AI ORTA: Synergy of Industry and Education» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өткен WorldSkills Достық чемпионаты студенттеріміздің таланттары мен кәсіби шеберліктерін көрсететін тағы бір маңызды алаң болды.

Іс-шараға өңіріміз бен қаламыздың үздік колледждері қатысып, студенттер өздерінің білімдері мен тәжірибелерін түрлі құзыреттіліктер бойынша сынап көрді. Чемпионат барысында қатысушылар заманауи өндіріс талаптарына сай кәсіби дағдыларын көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін танытты.

Біздің колледж студенттері де бұл жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, өздерінің біліктілігі мен дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.

«Өнеркәсіптік автоматика» құзыреттілігі бойынша студент Айдарбек Кенар Кенжебайұлы, жетекшісі Мурзашева Сымбат Сымынқызы, жүлделі III орынға ие болды.

Сондай-ақ «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша студент Иманалиева Самал Төлеушқызы, жетекшісі Зинеш Ардақ Еркінұлы, жүлделі III орынға ие болып, жоғары нәтиже көрсетті.

Бұл жетістіктер студенттеріміздің кәсіби шеберлігін, шығармашылық ізденісін және жаңа технологияларды меңгеруге деген қызығушылығын айқын көрсетеді. Осындай чемпионаттар жастардың тәжірибе алмасуына, өз қабілеттерін дамытуына және болашақ мамандықтарына сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.

Студенттерімізді және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер мен үлкен жетістіктер тілейміз!