You are currently viewing 🎓 Колледжімізде Ашық есік күні өтті!

🎓 Колледжімізде Ашық есік күні өтті!

Іс-шараға Х.Ерғалиев атындағы №35 мектеп, Қ.Қайсенов атындағы №33 мектеп және М.Өтмісов атындағы мектептің 9-сынып оқушылары қатысты.

Оқушылар мамандықтар әлеміне саяхат жасап, колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты. Сонымен қатар, колледжішілік WSK-2026 чемпионатын тамашалап, түрлі құзыреттіліктер бойынша қызықты ақпарат алды.

🔹 Бизнеске арналған IT шешімдер
🔹 Веб-дизайн және дамыту
🔹 Графикалық дизайн
🔹 3D модельдеу (компьютерлік ойындар)
🔹 Инженерлік графика (САПР)
🔹 Бейнеөндіріс
🔹 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие
🔹 Кіші сыныптарда оқыту

Сонымен қатар, «Құқықтану», «Дене тәрбиесі және спорт», «Аударма ісі», «Менеджмент» мамандықтарымен танысып, «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», «Электрмен қамтамасыз ету», «Автоматтандыру және басқару» бағыттарының зертханаларын аралады.

✨ Болашақ мамандығыңызды бізбен бірге таңдаңыз!