You are currently viewing Біз бұл естелікке адалмыз!

Біз бұл естелікке адалмыз!

Ұлы Жеңіс күнің жақындатуға Атырау аймағы да ерекше үлес қосты. Соғыс басталған 1941 жылдың 22 маусымы әрбір жүректе қайғы-қасіретпен бірге, елімізге – жерімізге деген орасан зор патриотизм сезімін тұтатты. Соғыстың алғашқы күндері республикамыз бойынша әр түрлі ұйымдарға, майданға сұранған 70 мыңдай өтініш берілсе, соның ішінде Атырау өңірінде өткен жиындарда еңбекшілер фашистермен соғысу үшін Қызыл армия қатарында майданға баруға сұранды.
Бұл күндері біз Отанымыздың еркіндігі үшін өмірлерін қиған, басқалармен бірге жеңісті жақындатқан жерлестерімізді еске аламыз. Ұлы Отан соғысы жылдарында Атырау өңірінең 42509 адам, ал қаладан 11302 адам қолына қару алып фашизммен соғысқа аттанды. Туған жер, Отан үшін бұлардың 13267-сі, оның ішінде қаладан аттанған 4683 боздақ майданда ерлікпен қаза тапты, Атыраулықтар кең байтақ кеңес Одағы, Еуропа елдерін азат ету жолында ерен ерліктің үлгісін көрсетті. 9 жауынгер Совет Одағының Батыры атағын алды.
Біз мақтан тұтамыз, ұмытпаймыз!