Бүгін Татарстан Республикасының Қазан қаласындағы сауда-экономикалық техникумы мен Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды! 🤝
Бұл келісім екі оқу орны арасындағы халықаралық білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
📌 Меморандумның негізгі мақсаттары:
- «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Банк және сақтандыру ісі» мамандықтары бойынша халықаралық білім беру бағдарламаларының элементтерін бірлесе жүзеге асыру;
- Арнайы пән оқытушыларының халықаралық тәжірибе алмасуын (стажировка) ұйымдастыру;
- Студенттердің академиялық алмасуын (мобильділік) дамыту;
- Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, тренингтер, семинарлар мен жобаларды бірлесіп өткізу.
Бұл ынтымақтастық студенттер мен оқытушыларға халықаралық тәжірибе жинақтауға,
жаңа білім алуға және кәсіби байланыстарды кеңейтуге зор мүмкіндік береді. 🌟
