«Үздік оқырман – 2022»

#ОқуғаҚұштарКолледж #ЧитающийКолледж #ҚӨҚЗЖК #ПСВК

Облыстық балалар кітапханасында жыл сайынғы «2022 жылдың үздік оқырманы»атты іс-шара өтті. Біз әріптестеріміздің шақыруын пайдаланып, 19/22.11 тобымен кітапханаға бардық. Іс-шара алдында кітапхана қызметкерлері біз үшін шағын экскурсия өткізіп, кітапханаға келіп түскен әдебиеттердің жаңалықтарымен таныстырды. Топ студенттері алғаш рет облыстық балалар кітапханасында болды, бірнеше адам кітап алуға ниет білдірді.
Кітапхананың оқу залы толы. Кездесуге №15 мектептің, Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының оқушылары мен мұғалімдері келді. Жүргізуші оқушылар арасында өткізілген «Менің сүйікті кітаптарым» бейнероликтер байқауының номинанттарын жариялады. Соымен қатар 2022 жылдың ең үздік оқырмандарының фамилияларын атады. Олардың ішінде «Сенім» мектебінің кітапханашысы Қали Рима Әмірқызы мен колледжіміздің кітапханашысы Броварник Ирина Анатольевнаның есімдері бар. Байқаудың барлық үміткерлеріне естелік сыйлықтар табысталды. Біз облыстық балалар кітапханасымен бір жылдан бері доспыз, әріптестеріміз студенттерімізге ақпараттандырумен келеді, студенттеріміз кітапханаға іс-шараларға барады.