You are currently viewing BRAINTEASERS облыстық квиз-ойыны: студенттеріміздің жетістіктері

BRAINTEASERS облыстық квиз-ойыны: студенттеріміздің жетістіктері

2025 жылғы 24 желтоқсанда Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі ұйымдастырған «Digital Language World» апталығы аясында ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында «BRAINTEASERS» атты облыстық квиз-ойын өтті. Интеллектуалдық сайыс өңірдің ең білімді, креативті және мақсаткер қатысушыларын біріктіріп, білімдерін, логикалық ойлау қабілетін және командалық рухты көрсетуге арналған тиімді алаңға айналды.

Аталған байқауға біздің колледжден 5 студент қатысып, 32 қатысушының ішінде дәл біздің студенттер жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болды:

Аманжол Гүлайым — I орын, жетекшісі Қуатова Айнұр Зейінқызы;
Курмантаева Азелия — III орын, жетекшісі Акбергенова Айдана Шапиғоллақызы;
Кенжеғали Тамаз — қатысушы сертификаты, жетекшісі Мухамбеталиева Айнур Қуанышқызы;
Арманқызы Амина — қатысушы сертификаты, жетекшісі Журканова Альфия Камзақызы;
Хайретденова Диляра — қатысушы сертификаты, жетекшісі Жантурина Илана Байжанқызы.

Қол жеткізілген нәтижелер студенттердің жоғары дайындық деңгейін, зияткерлік әлеуетін және оқытушылардың кәсіби тәлімгерлігін айқын дәлелдеді.

Колледж абыройын облыстық деңгейде лайықты қорғап, мерейін асқақтатқан студенттеріміз бен педагогтерімізді шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта жаңа жеңістерге, нық жетістіктерге және оқу мен шығармашылық қызметте толағай табыстарға жетулеріңізді тілейміз.