1 қазан 2025 жылы
📍 Атырау энергетика және құрылыс колледжінде
облыстық деңгейде өткен «Бір шебер – жүз бейне» бейнежобасы өз мәресіне жетті.
🔹 Шараның мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы шебер ұстаздардың кәсіби шеберлігін, креативтілігін және педагогикалық идеяларын бейнеролик арқылы таныту.
🏆Нәтижесінде колледжіміздің шебер ұстазы, педагог сарапшы Жумашев Жансейит Карасаевич
✨ «Үздік шебер бейнесі»номинациясының үздігі болып танылды.
💐 Құттықтаймыз!
📹 Шеберлердің еңбегі мен шығармашылығы – кәсіби білім беру саласындағы жаңа идеялар мен шабыттың бастауы! Шебер педагог бейнесін дәріптеген бейнежобаны дайындаған 4.23.31 және 4.23.32 топтарына алғыс айтамыз!
