You are currently viewing АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

13 ақпан күні Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі басшысы Мухтаров Мустахим Харенович ЖШС “Есенов колледжі” басшысы Серикбаев Казбек Альмухановичпен өзара академиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум мақсаты – кәсіптік және техникалық даярлау жүйесін жетілдіру, білім алушылардың академиялық, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік және медиа-мәдени дамуын жетілдіруде инновациялық оқыту технологияларымен озық тәжірибиелер алмасу, академиялық ұтқырлық және ҚР колледждері арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту. Тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары: ТжКБ мен жұмыс берушілердің өзара іс қимылының тиімді модельдері мен тетіктерін әзірлеуге және енгізуге бағытталған бірлескен іс шараларды, мамандарды даярлау үшін ашықтық және қолжетімділік қағидаттарында қолда бар білім беру ресурстарын (материалдық-техникалық, әдістемелік, ақпараттық, кадрлық, жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестік ресурс ретінде) тиімді пайдалану мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, ұйымдастыру, энергетика және өнеркәсіптік автоматика құзыреттілктері бойынша Worldskills стандарттарына сай мамандарды даярлауда тәжірибе алмасу, бірлескен инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу. Меморандум аясында «Дене тәрбиесі және спорт», » Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие», «Құқықтану» және «Бағдарламалық қамтамасыз ету» сияқты дубль мамандықтар бойынша академиялық ұтқырлық келісім-шарты жасалды. Келісім шарт бойынша білім алушылардың колледжаралық академиялық алмасуы 2024 жылдың қыркүйек айында басталады.

/ғылыми- әдістемелік және халықаралық байланыстар бөлім/