You are currently viewing «Үздік оқырман – 2023» бенефисі

«Үздік оқырман – 2023» бенефисі

Жыл соңында Атырау облыстық балалар кітапханасында «Үздік тарих – 2023» бенефисі болды. Шараның мақсаты: Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жылдың үздік оқырманы мен үздік туындысын анықтау.

Бұл іс-шараға «Аударма ісі»-11/23.12 тобының студенттері Некрусова Арина, Банкова Елизавета және Джумабаева Айша шақырылды. Шараға кітапхана оқырмандары мен қалалық мектеп оқушылары қатысты. Белсенді оқырмандар естелік сыйлықтармен марапатталса, А.Блок поэзиясына арналған апталыққа қатысқан оқушыларымыз Абайдың «Қара сөз» кітаптарын сыйлыққа алды. Облыстық балалар кітапханасымен белсенді ынтымақтастық үшін бірқатар мектептердің мұғалімдері,Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сеймова Н.Р.  және колледжіміздің кітапханашысы Боварник И.А. алғыс хатпен марапатталды.

Ұлы Абай: «Білімнің көркі – кітапта, кітапты түсіну үшін оқудан жалықпа» деген. Осындай тамаша сөздер кітап оқу адамның интеллектуалдық дамуының бір жолы екендігіне дәлел.