You are currently viewing ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК-2023

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК-2023

8 желтоқсанда О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаевтың 130-жылдығына орай, ТжКББ ұйымдарының оқытушыларына арналған «Педагогикалық шеберлік -2023» облыстық байқауда әріптесіміз Орынбасаров Рахымжан Асқарұлы ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқаудың мақсаты: Педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыру және олардың жаңа, тың рухани құнды дүниелер тудыратын әрекеттеріне, бастамаларына, ізденістеріне қолдау көрсету арқылы креативті шебер ұстаздарды анықтау. Орынбасаров Рахымжан Асқарұлына, өзінің біліктілігімен шығармашылығын ұштастыра отырып, облыстың шебер ұстаздары арасында креативтілігімен рухани құнды дүниелер тудыратын әрекеттерімен оза шапқан әріптесімізге қанаты талмай педагогикалық кәсіби құзыреттілігін арттыру жолындағы барлық бастамаларына шығармашылық шабыт тілейміз.

/ғылыми-әдістемелік бөлім/