You are currently viewing ОБЛЫСТЫҚ СТУДЕНТТІК ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС-2023

ОБЛЫСТЫҚ СТУДЕНТТІК ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС-2023

2023 жылдың 27 қараша айында Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ұйымдастыруымен Алаш шығармашылығын насихаттау мақсатында «Алаш аманаты – Тәуелсіздік» тақырыбындағы облыстық интелектуалды сайысы өтті. Сайысқа колледжімізден тарих пәні оқытушылары Нажмиденов О, Ахметов Т және Қанат Б. ұйымдастыруымен және Бақтияр Дана, Сәнжан Нурасыл, Максимов Али, Жасқайратова Толғанай сияқты колледж студенттерінен «Алаш ұрпақтары» атты команда құрылып қатысты.
Сайыстың мақсаты:
Алаш ұлтына ұран болған рухы биік, зиялылар қоғамының бейнесін студенттер арасында насихаттап, есімдерін ұлықтау. Студенттердің арасында оқу зияткерлік қабілеттерін қалыптастыру, ұлттық рухқа жетелеу, шығармашылық әлеуметін көтеру.
Сайыс қорытындысымен 6 сайыскер командалар ішінен Колледж командасы Қанат Б. жетекшілігімен 1- орынды иеленді. Құттықтаймыз

🏆🏆🥇🥇/ғылыми-әдістемелік бөлім/