You are currently viewing «ҮЗДІК БЕЙНЕ САБАҚ» Облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері байқауы

«ҮЗДІК БЕЙНЕ САБАҚ» Облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері байқауы

Қазан айының 17-21 аралығында Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі С. Мұқашевтің туғанына 96 жыл толуына орай колледж педагогтері арасында «Үздік бейне сабақ» Облыстық байқауын өткізген болатын. Аталған байқауға Облысымыздың ТжКББ ұйымдарының 30-дан астам педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері қатынасып, инновациялық ресурстарды, сервистерді, анимациялық процесстерді сабақтарына қолданып, озық іс- тәжірибелерін тарату мақсатында бейне сабақтар айдарын ұсынған болатын. Осындай үздік педагогтермен өндіріс шеберлері қатарына үлес қосқан колледжіміздің мамандары Бердіғожина Маусымжан Лесқалиқызы, Шайдоллаева Айсулу Нургабыловна және Кубашева Райгул Кибатуллаевна Алғыс хаттармен марапатталса, колледжіміздің жас маманы Срымова Гулдана Сенбайқызы өз біліктілігімен креативтілігін көрсете отырып, жүлделі І-орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!!