You are currently viewing Диплом тапсыру рәсімі

Диплом тапсыру рәсімі

27 маусым күні Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледж студенттеріне арналған «Жас маман, алға бас қадам»атты диплом табыстау салтанатты кеші өткізілді.
Ағымдағы жылы колледжіміздің 700-ге жуық студенті қасиетті білім мен тәрбие ордасынан диплом алып сындарға толы өмірге аттанды.

Аталмыш шараға қонақтарымыз Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Мақсотұлы, Атырау қалалық мәслихатының хатшысы Нұрбол Оразбайұлы, Жастар Рухы Жастар Қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы , Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Нұрмұханұлы, Жастар ресурстық орталығының басшысы Бекарыс Әлібиұлы келіп, студенттерді құттықтап, ақ жол тіледі. Бітіруші түлектерді алғыс хаттармен марапаттап, диплом табыстады.

Қаламыздың өркендеуіне үлес қосқан бітіруші түлектерімізге Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауидың атынан және “Жастар Рухы” ЖҚ, Жастар ресурстық орталығының алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, колледж директоры Мустахим Харенұлы студенттік өмірде белсенділік танытқан, әр түрлі салаларда жүлделерді иеленген студенттерге алғысын білдіріп, өз атынан алғыс хаттарды табыс етті.