«WORLDSKILLS ATYRAU – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ

2022 жылдың 17 мамыр күні Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде <<Дене тәрбиесі және спорт>> құзіреттілігі бойынша өткізіліп жатқан «WorldSkills Atyrau – 2022» облыстық чемпионатының алғашқы кезеңі басталды. Білім бәйгесінде қатысушылар «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу және мектеп жасындағы білім алушылар үшін дене тәрбиесі бойынша оқу сабағының негізгі бөлігінің фрагментін өткізу» А Модулі бойынша бақ сынауда. Онда компатриоттар мен техникалық эксперттер демократиялық принципке негізделген сәтті әрі шынайы, ашық әрі әділ бағалау жүйесін жүргізеді. «Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігі бойынша өткізіліп отырған «WorldSkills Atyrau – 2022>> облыстық чемпионатының қатысушылары:
1. Мұхтасаров Мирас Сергейұлы – Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі;
2. Сүндет Алдияр Русланұлы – Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі;
3. Аманжолов Асылхан Айбекұлы – Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж;
4. Қуандыққызы Асылжан – Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж;
5. Аманиязов Жасұлан Арыстанович – Атырау жоғары көпсалалы “Болашақ” колледжі;
6. Толеугалиев Парасат Айтбайулы – Атырау жоғары көпсалалы “Болашақ” колледжі.
Барлық қатысушыларға толағай табыс пен таудай бақ тілейміз! Сәттілік серік болсын!