You are currently viewing «Аманат»тың кезекті туындылары…

«Аманат»тың кезекті туындылары…

Сәуір айының 22-ші жұлдызында 1 қалалық кітапханада кітап мерекесіне орай ұйымдастырылған «Кітапхана түні» шарасында колледж жанынан ашылған, Рахымжан Асқарұлы жетекшілік ететін «Аманат» драмалық үйірмесінің мүшелері «Ертегілер еліндегі Наурыз мерекесі” және «Мұқағалиды тірілтіп алып…» атты авторлық қойылымдарын көпшілікке ұсынды.

«Ертегілер еліндегі Наурыз мерекесі» қуыршақтар қойылымы кітап күніне келген бүлдіршіндердің жүзіне қуаныш сыйлап қана қоймай,жас оқырмандар үшін пайдалы мәліметтер алуға үлес қосты.

«Мұқағалиды тірілтіп алып…» қойылымы қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың бейнесін тани түсуге көмектесті. Шығармада оқылған әр өлең оқырман жүрегінен орын алып, өнер мен өлеңге деген шексіз махаббаттарын еселей түсті.

Қос қойылым да көрерменнің көңілінен шықты. Кітапхана директоры Ж.Джайлауова үйірме мүшелерінің өнеріне қошемет білдіре отырып, “Алғыс хат»  табыстап, шығармашылық шалқар шабыт тіледі.