Колледжімізде 2024 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енген аттестаттау ережелеріндегі өзгерістермен таныстыру мақсатында педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы колледж ұжымына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Сарекенова Санди Кимаевна мен Атырау облысы білім басқармасының педагогтерді аттестаттау бойынша жұмысшы тобының мүшесі Лукпанова Дина Утемисовна ақпараттық жұмыстар жүргізді. Педагогтерді аттестаттау қағидаларының негізгі мәселелеріне тоқталып, толық ақпарат берілді:
-Өтпелі кезеңдегі аттестаттау шарттары мен тәртібі;
— Аттестаттау комиссиясы жылына бір рет шешім шығарады ( 2-т, 9-т)
— Білім беру ұйымы педагогтерді аттестаттау үшін материалдарды қалыптастыруға жәрдемдеседі (4-т, 79-т.)
— Педагогтер жетістіктерінің тізбесіне шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстар енгізілген
-Мұғалімді бағалау өлшемшарттары;
-Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы;
-Аттесталатын педагог іс-әрекетінің нақты қадамдары;
— Екінші, бірінші, жоғары санаттағы 40 000 астам педагог аттестаттаудың қолданыстағы форматына ауысады
— ПББ тесті қанағаттанарлықсыз болған жағдайда: растау кезінде – санат бір деңгейге төмендейді, жоғарылату кезінде – санат ПББ нәтижесінен жоғары болмайды
— ПББ тестін басшылардың орынбасарлары да, әдіскерлер де тапсырады.
-Педагогтің сабағын (оқу сабағын, іс-шараны) бағалау критерийлері,т.б
“Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары” жобасы порталда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Жиынға 40 қа жуық педагог қатынасып, қойылған сұрақтардың бәріне толық қанағаттанарлық жауап алды.
/ғылыми-әдістемелік бөлім/