You are currently viewing Тұлға мінезінің қалыптасуы: «Pedagogy Next» әдістемелік онкүндігі аясындағы ашық сабақ

Тұлға мінезінің қалыптасуы: «Pedagogy Next» әдістемелік онкүндігі аясындағы ашық сабақ

«Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының «PEDAGOGY NEXT: Болашақ педагог – жаңа дәуір көшбасшысы» атты әдістемелік онкүндігі аясында оқытушы Даулеткалиева Назекеш Төлеуғалиевна ҚТ.25.21 тобында «Адам мінез-құлқының қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – тұлға мінезінің қалыптасу ерекшеліктерін ашып көрсету, оның дамуына ықпал ететін негізгі факторлармен таныстыру, сондай-ақ адамның жеке қасиеттері мен өмір сүру ортасы арасындағы байланысты түсіндіру.

Сабақ барысында студенттер мінездің қалыптасу жолдарын талдап, оның дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды салыстырды. Тұлғаның қалыптасуындағы отбасының, әлеуметтік ортаның, тәрбиенің және қоғамдық жағдайлардың рөліне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар білім алушылар адамның мінез ерекшеліктерін қарастырып, оларды бағалау критерийлерін құрастырды.

Сабақ студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға, өз көзқарастарын дәлелді жеткізуге, өзін-өзі тану және айналасындағыларды түсіну мәселелеріне саналы түрде қарауға ықпал етті. Тақырыпты талқылау барысында студенттер өмірлік тәжірибе, тәрбие мен қоршаған ортаның адам мінезінің қалыптасуына қалай әсер ететіні туралы ой қозғады.

Ашық сабақ болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын жетілдіруге, тұлғалық қасиеттерін дамытуға және жаңа дәуір маманына қажетті құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған әдістемелік онкүндіктің мазмұнды бөлігі болды.