You are currently viewing «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты кездесу өткізілді

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты кездесу өткізілді

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитет және Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушыларының ұйымдастырылуымен Ауған соғысы ардагерлерімен «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты кездесу өткізілді.

Қонақта болған Ауған соғысы ардагерлері:
Ақпаев Ғалиасқар Сыйықұлы
Саркулов Серік Бағытұлы
Кенжеахметов Мұратбек Орынбайұлы.

Кездесу барысында ардагерлеріміз Ауған соғысына қашан шақырту алды, қандай қиындықтар болды сол туралы өз естеліктерімен бөлісті.

Студенттеріміз қызықты сұрақтарын қойып, келген қонақтар өткен шақтарын еске алып, толық жауап берді.

Кездесу соңында ардагерлеріміз жас болашақ Отан қорғаушы ер жігіттерге қолдау білдіріп, білім алушыларымызға жылы лебіз тілектерін білдірді.