2026 жылғы 17–18 қараша күндері колледжімізде «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills PMVK-2026» колледжішілік чемпионаты өтті.
✨ Чемпионат болашақ педагогтердің кәсіби білімін, педагогикалық қабілетін, шығармашылық әлеуетін және заманауи білім беру технологияларын қолдануға дайындығын көрсетуге мүмкіндік берді.
Қатысушылар үш модуль бойынша бақ сынап, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану және педагогикалық міндеттерді тиімді шешу дағдыларын көрсетті.
📚 А модулі. Сабақ фрагментін жоспарлау, әдістемелік қамтамасыз ету және өткізу (жаңа тақырыпты ашу кезеңі)
Қатысушыларға:
3-сыныпқа арналған сабақ фрагментінің қысқа мерзімді жоспарын әзірлеу;
интерактивті құралдарды пайдалана отырып, қажетті дидактикалық материалдарды дайындау;
бастауыш сыныптарда интерактивті әдістерді қолдану арқылы сабақ фрагментін өткізу тапсырылды.
🎨 В модулі. Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша сыныптан тыс іс-шара ұйымдастыру
Бұл кезеңде қатысушылар интерактивті жұмыс түрлерін пайдалана отырып, сыныптан тыс іс-шараларды әзірлеп, өткізді. Өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттері мен тәрбиелік жұмысты тиімді жүргізу дағдыларын көрсетті.
🔍 С модулі. Жобалық-зерттеу қызметін ұйымдастыру
Аталған модуль аясында қатысушылар бір оқу пәні шеңберінде білім алушының жобалық-зерттеу қызметін ұйымдастыруға арналған жоба паспортын әзірледі.
🎯 Чемпионаттың басты мақсаты – болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, практикалық дағдыларын жетілдіру және оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын тиімді қолдану қабілетін қалыптастыру.
Мұндай кәсіби байқаулар болашақ мамандардың өз мүмкіндіктерін ашуға, бастамашылдығын танытуға және педагогикалық қызметке сенімді қадам жасауына ықпал етеді.
👏 Барлық қатысушыларға белсенділігі, жауапкершілігі және кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсеткені үшін алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктерге, тың идеяларға және кәсіби табыстарға жете беріңіздер!
🌟 WorldSkills – шеберлік, шығармашылық және кәсіби дамудың алаңы!




