You are currently viewing 19 студенті KAZENERGY білім грантының иегері атанды

19 студенті KAZENERGY білім грантының иегері атанды

Білім – болашаққа бастар жол, ал білім алуға жасалған қолдау – жарқын келешекке салынған инвестиция!

Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің 19 білім алушысы 2026–2027 оқу жылына арналған KAZENERGY білім грантының иегері атанды.

Аталған гранттар 2015 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, NCOK N.V., «КПО Б.В.» және «KAZENERGY» қауымдастығы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары бойынша бөлінетін қаражат есебінен тағайындалады.

Колледж студенттері гранттарды төмендегі мамандықтар бойынша иеленді:

  • 06130100 – Бағдарламалық қамтамасыз ету: 13 білім алушы;

  • 07140100 – Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару: 5 білім алушы;

  • 07240900 – Мұнай және газ кен орындарын пайдалану: 1 білім алушы.

Бұл жетістік – студенттеріміздің білімге деген құштарлығы мен табандылығының, кәсіби мамандықты меңгеруге деген ұмтылысының нәтижесі. Сонымен қатар, KAZENERGY гранты – жастардың сапалы білім алуына, кәсіби дамуына және болашақта еңбек нарығында өз орнын табуына мүмкіндік беретін маңызды қолдау.

Колледж ұжымы грант иегерлерін шын жүректен құттықтап, білім жолындағы табыстарының арта беруіне тілектестік білдіреді!

Білім жолындағы қадамдарыңыз нық, жетістіктеріңіз толағай болсын!