Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі «CaseLab: Үздік тәжірибелер алаңы» республикалық іскерлік форумына қатысып, білім беру саласындағы 20 жылдық тәжірибесімен бөлісті.
Форум аясында «Жаңа мамандық – жаңа мүмкіндік: стратегиялық шешімнен нақты нәтижеге дейін» тақырыбында таныстырылым ұсынылды. Онда еңбек нарығының заманауи талаптарына сай білікті мамандар даярлау, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу және колледждің стратегиялық даму бағыттары қамтылды.
Таныстырылым барысында колледждің кәсіби білім беру жүйесін жетілдіруге, білім беру мазмұнын еңбек нарығының сұранысымен ұштастыруға және жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға бағытталған тәжірибесі ұсынылды.
«CaseLab» форумы білім беру ұйымдары арасында кәсіби тәжірибе алмасуға, тиімді басқарушылық шешімдерді талқылауға және озық тәжірибелерді таратуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. Мұндай кездесулер техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, білім сапасын арттыруға және болашақ мамандарды даярлаудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруға серпін береді.
Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі өз тәжірибесін ортаға сала отырып, білім беру саласындағы жаңашылдықтарды қолдауға және еңбек нарығының сұранысына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған жұмысын жалғастыруда.
