You are currently viewing 🏐 Жеңісті қадам: волейболдан III орын

🏐 Жеңісті қадам: волейболдан III орын

Саламат Мұқашевтың туған күніне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұйымдастырылған волейбол жарысында колледжіміздің студенттері жүлделі III орынға ие болды! 🏆

Бұл жетістік — командалық бірліктің, табандылықтың, жоғары спорттық шеберліктің және жеңіске деген жігердің жарқын көрінісі. Алаңда өзара қолдау көрсетіп, ұйымшылдық танытқан студенттеріміз колледж намысын абыроймен қорғап, жақсы нәтиже көрсетті.

🎉 Жүлделі орынға ие болған студенттерімізді және олардың жетекшісі Өнербек Жандарбекұлын шын жүректен құттықтаймыз!

Спорт — күш пен ептіліктің ғана емес, тәртіптің, жауапкершіліктің және командалық рухтың мектебі. Осындай жарыстар жастардың спорттық қабілеттерін шыңдап, өз күшіне деген сенімін арттырып, жаңа белестерге ұмтылуына жол ашады.

💐 Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын! Колледжіміздің мерейін үстем етіп, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістерге жете беріңіздер!

Жеңістеріңіз құтты болсын! Бірлік бар жерде — жеңіс бар! 💪🏆