You are currently viewing 💻 IT-болашақ бүгіннен басталады: Atyrau Hub өкілдрімен кездесу

💻 IT-болашақ бүгіннен басталады: Atyrau Hub өкілдрімен кездесу

📅 2026 жылғы 15 қазанда Прикаспийский көпсалалы жоғары колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету 24.33» тобының студенттері Atyrau Hub өкілдерімен кездесті.

🚀 Кездесу ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи бағыттармен, білім беру бағдарламаларымен және кәсіби даму мүмкіндіктерімен танысуға жол ашты.

Қонақтар Atyrau Hub қызметі, Astana Hub платформасының мүмкіндіктері, сондай-ақ конкурстарға, хакатондарға және стартап-жобаларға қатысу жолдары туралы әңгімеледі. Студенттер алдағы іс-шаралар жөнінде ақпарат алып, қазір өткізіліп жатқан және қараша айында жаңа қабылдау басталуы жоспарланған тегін IT-курстарымен танысты.

🎓 Кездесуде студенттердің ерекше қызығушылығын тудырған мүмкіндіктердің бірі — арнайы промокод арқылы Astana Hub платформасындағы өздері таңдаған курстарға тегін тіркелу мүмкіндігі болды. Бұл студенттерге білімдерін кеңейтуге, жаңа құралдарды меңгеруге және IT-индустрияда сұранысқа ие қосымша дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

🤝 Студенттеріміздің Atyrau Hub-пен ынтымақтастығы — бұрыннан жалғасып келе жатқан жұмыс. Өткен жылы арнайы пәндер оқытушысы Ирина Рашидовна Ишутина жетекшілігімен колледж студенттері Atyrau Hub алаңына бірнеше рет таныстыру экскурсияларымен барған болатын. Бүгінгі кездесу осы жұмыстың жалғасы болып, кәсіби байланыстарды нығайтуға тағы бір қадам жасалды.

📌 Колледж бен Atyrau Hub арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум өзара серіктестікті дамытуда маңызды рөл атқарады. Ол тәжірибе алмасуға, бірлескен іс-шараларға қатысуға және студенттердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге қосымша мүмкіндіктер ашады.

✨ Осындай кездесулер болашақ IT-мамандарына заманауи технологиялар әлемінде дұрыс бағыт табуға, өзекті білім беру мүмкіндіктерімен танысуға және кәсіби мақсаттарына сенімді қадам басуға көмектеседі.

Каспийский өнірінің көпсалалы жоғары колледжі студенттердің кәсіби өсуіне жағдай жасап, олардың білімге, дамуға және жаңа жетістіктерге ұмтылысын қолдауды жалғастыруда!