You are currently viewing 🌿 ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ – ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК

🌿 ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ – ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК

«Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты аялау, туған жерді таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі бастама.

Осы акция аясында Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің белсенді студенттері Тасқала елді мекеніндегі ерекше табиғи нысан – Лотус гүліне экскурсия жасап, табиғат аясында тазалық жұмыстарын жүргізді. 🌸

Студенттер қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, табиғаттың көркін сақтауға өз үлестерін қосты. Экскурсия барысында жастар табиғаттың сұлулығын тамашалап қана қоймай, оны қорғау әр азаматтың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте көрсетті.

🌱 Тазалық жұмыстары барысында студенттер қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын түсініп, табиғатты қорғауға бағытталған игі істерге белсенді атсалысты. Осындай бастамалар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады. Табиғат аясындағы бірлескен еңбек студенттерді ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. Әрбір таза аула, әрбір жиналған қоқыс – табиғатты қорғауға қосылған маңызды үлес.

🌱 Таза орта – таза ой, таза болашақ!

🌍 Табиғатты қорғау – бүгіннен басталады!