You are currently viewing 🌸 «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ» МАМАНДЫҒЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ

🌸 «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ» МАМАНДЫҒЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ

🎓 2026–2027 оқу жылына «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығына қабылданушы талапкерлер үшін қабылдау емтихандары өткізілуде.
Қабылдау емтихандары талапкерлердің кәсіби біліктілігін, педагогикалық қабілетін және мамандыққа бейімділігін анықтауға бағытталды.
🗣️ Бірінші кезең — кәсіби біліктілікті анықтау бойынша әңгімелесу.
Әңгімелесу барысында талапкерлердің мектепке дейінгі білім беру саласына қызығушылығы, балалармен жұмыс жасауға бейімділігі, коммуникативтік қабілеті және педагогикалық ойлау ерекшеліктері бағаланды.
📝 Екінші кезең — жазбаша емтихан. Эссе жазу.
Талапкерлер берілген тақырыптар бойынша өз ойларын жүйелі жеткізіп, шығармашылық қабілеті, сауатты жазуы, ой қорытуы және педагогикалық көзқарасы арқылы өз білімдері мен дайындығын көрсетті.
✨ Қабылдау емтихандарының әр кезеңі ашықтық, әділдік және тең мүмкіндік қағидаттарына негізделіп ұйымдастырылды.
Болашақ тәрбиеші — баланың алғашқы ұстазы.
Сондықтан бұл мамандыққа қабылдау кезінде талапкердің білімімен қатар, балаға деген сүйіспеншілігі, жауапкершілігі мен педагогикалық қабілеті де маңызды.

🌷 Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз!
Балаға білім берудің алғашқы қадамы — мейірімді жүректен басталады! 💐