📚✨ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары кітапханашылары арасындағы «Цифрлық трансформация: колледж кітапханаларының қызметін заманауи жаңғырту» тақырыбындағы республикалық семинарға колледж кітапханашысы Броварник Ирина Анатольевна қатысып, өз кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында кәсіби тәжірибесін табысты таныстырып, Спикер сертификатына ие болды. 🏆👏 Ирина Анатольевнаны жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жаңа белестер тілейміз! 🌟 Құттықтаймыз! 🎉💐
