Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында қаладағы орыс сыныптарында білім беретін №6 М.Мөңкеұлы атындағы мектеп, М.Бекмұхамбетов атындағы мектеп, Т. Амандосов атындағы мектеп және М. Ломоносов атындағы мектеп оқушыларымен кездесулер өткізілді. Кездесу барысында оқушылар колледж мамандықтары, оқуға қабылдау шарттары және кәсіби білім алу мүмкіндіктерімен танысты.
Білім алушылар болашақ мамандықты таңдау, әрі қарай білім алу перспективалары туралы пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын оқытушылар Жумагалиева А.С., Жаналиева М.А., Даулеткалиева Н.Т. жүргізді.
Осындай кездесулер оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын анықтап, болашақ мамандығын сенімді таңдауға бағыт береді. ✨
