Атырау қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында облыстық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Дүбірлі додада аймақтың үздік командалары өзара бақ сынап, спорттық шеберлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің оқытушылары жарыста тамаша нәтиже көрсетіп:
🥇 Бес асық – I орын
🏀 Баскетбол – I орын
⚽ Футзал – I орын иеленді.
🔥 Осындай жарқын жеңістердің нәтижесінде колледж командасы республикалық кезеңге жолдама алды!
Бұл — тек жеңіс қана емес, бұл — бірлік, табандылық және мықты командалық рухтың айқын көрінісі. Сіздермен мақтанамыз! Алдағы республикалық додада да толағай табыс пен жеңіс тілейміз! 🇰🇿👏



