You are currently viewing 🎓 Болашақ мамандыққа бағыт берген маңызды кездесу

🎓 Болашақ мамандыққа бағыт берген маңызды кездесу

📢 Атырау қаласындағы “Жайлы мектеп” жобасы аясында салынған №50 жалпы орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы бойынша “Мамандық таңдау – болашаққа бастар жол” атты кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды.

🎯 Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру, адал еңбек пен еңбекқорлық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ жастардың болашақ кәсібіне деген қызығушылығын арттыру болды.

👩‍🏫 Іс-шара барысында Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің педагогтері:
🔹 Даулеткалиева Н.
🔹 Орынғалиева Н.Т.
🔹 Канат Б.

мектеп оқушыларымен еркін форматта пікір алмасып, түрлі мамандықтардың ерекшеліктері, оқу мүмкіндіктері және қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттар туралы кеңінен ақпарат берді.

💬 Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға қатысты пайдалы кеңестер алды. Сонымен қатар колледж мамандары студенттік өмір, тәжірибелік білім беру және кәсіби дамудың мүмкіндіктері жөнінде де айтып өтті.

✨ Осындай тағылымды әрі мазмұнды кездесулер жастардың саналы түрде мамандық таңдауына, өз қабілеттерін дұрыс бағалауына және болашаққа сенімді қадам жасауына үлкен ықпал етеді.