You are currently viewing 🌍 Педагогтің цифрлық дәуірдегі рөлі талқыланған халықаралық конференция

🌍 Педагогтің цифрлық дәуірдегі рөлі талқыланған халықаралық конференция

📢 Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Цифрлық дәуірдегі педагог: жаңа талаптар мен кәсіби дағдарыс» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

🌐 Аталған іс-шара білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды кәсіби алаңға айналды.

👩‍🏫 Конференция жұмысына өңірлік ғалымдармен қатар, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген Өзбекстан Республикасының ғалымдары, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, психологтер мен сарапшылар қатысты.

💡 Конференция барысында цифрлық трансформация жағдайындағы педагогтің жаңа рөлі, кәсіби құзыреттіліктердің өзгеруі, сондай-ақ педагогтердің кәсіби күйзелісі мен дағдарысының себептері және оны еңсеру жолдары кеңінен талқыланды.

🗂️ Үш бағыт бойынша ұйымдастырылған секциялық отырыстарда қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

👩‍🏫 Аталған конференцияға колледжіміздің арнайы пән оқытушысы, педагог-сарапшы Нұрғабылова Жаннұр Нұрғабылқызы қатысып,
📖 «Педагогтің кәсіби трансформациясы: цифрлық сауаттылық және жаңа құзыреттіліктер» тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.

🏅 Конференция қорытындысы бойынша белсенді қатысып, тәжірибе алмасқаны үшін сертификатпен марапатталды. 👏🌟