Колледждің арнайы пән оқытушысы, WSK сарапшысы Иманалиева Самал Тулеушовна Қытай Халық Республикасының Шаньдун провинциясы, Ричжао қаласындағы Rizhao Polytechnic ұйымдастырған «Смарт өндіріс бойынша халықаралық біліктілік арттыру бағдарламасы» аясындағы 72 сағаттық халықаралық курсты сәтті аяқтады.
Бағдарлама барысында оқытушы smart manufacturing бағыты бойынша заманауи өндірістік технологиялармен танысып, цифрлық өндіріс жүйелері, автоматтандыру үдерістері және халықаралық білім беру тәжірибелері бойынша кәсіби біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып, өндіріс пен білім беруді ықпалдастырудың озық үлгілерін меңгерді.
Бұл — педагогтың кәсіби дамуға деген ұмтылысы мен халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауға деген талпынысының айқын көрінісі. Осындай халықаралық білім мен тәжірибе колледжіміздегі білім сапасын арттыруға, студенттердің заманауи талаптарға сай білім алуына және халықаралық серіктестікті нығайтуға зор ықпал ететіні сөзсіз.
Самал Тулеушовнаны халықаралық курсты сәтті аяқтауымен шын жүректен құттықтаймыз! 👏🌟
Алдағы еңбегіне табыс, шығармашылық жетістіктер және жаңа белестер тілейміз!








