Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен республикалық “Мұрат Мөңкеұлы оқулары” байқауына колледжіміздің студенттері белсене қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Бұл байқау – жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ақын мұрасын насихаттауға бағытталған маңызды рухани шара. Қатысушылар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, колледж абыройын асқақтатты.
Байқау қорытындысы бойынша:
- “Ақын шығармаларындағы замана шындығы” әдеби эссе бағыты бойынша
Тлекқабыл Альфия – II дәрежелі диплом иегері атанды.
Жетекшісі: Жумагалиева Айгуль Сарсенбаевна. - “Екі жақты бір тілді, сөйлейтін сөзге шешенмін” толғауларды жатқа айту бағыты бойынша
Сәрсен Наргиза – II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Орынбасаров Рақымжан Асқарұлы. - “Ақын шығармаларындағы замана шындығы” әдеби эссе бағыты бойынша
Еркін Асылым – Сертификатқа ие болды.
Жетекшісі: Сеймова Нұргүл Райымбекқызы.
Жеңімпаз студенттеріміз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз.




