You are currently viewing Студенттеріміз республикалық жобалар байқауында жеңіске жетті

Студенттеріміз республикалық жобалар байқауында жеңіске жетті

Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Жастар – шағын бизнесте» атты республикалық жобалар байқауында колледжіміздің студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіпкерлік идеялары мен бизнес-жобаларын таныстырып, оларды тікелей эфирде қорғады. Жобалар инновациялық ойлау, экономикалық тиімділік және практикалық маңыздылығы тұрғысынан сарапшылар тарапынан бағаланды.

Аталған байқауда студентіміз Ахметжанова Камилла өз жобасын жоғары деңгейде қорғап, бас жүлде – I орынды иеленді. Студенттің жетекшісі – Даулеткалиева Н.

Сонымен қатар Таскалиев Дилмухаммед те байқауға белсенді қатысып, өз жобасын сәтті таныстырып, сертификатпен марапатталды. Оның жетекшісі – Дербисинова В.К.

Бұл жетістік – студенттеріміздің шығармашылық ізденісі мен кәсіпкерлік ойлау қабілетінің нәтижесі. Осындай байқаулар жастардың бизнеске деген қызығушылығын арттырып, жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Студенттерімізді және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да колледжіміздің абыройын республикалық деңгейде асқақтата беріңіздер!