You are currently viewing Цифрлық білім беру кеңістігі: үздік педагогикалық тәжірибе

Цифрлық білім беру кеңістігі: үздік педагогикалық тәжірибе

📚 «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҮЗДІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқуларының колледжішілік кезеңі өтті.
📍 Өткізілген күні: 25.02.2026
📌 Мақсаты – педагогтердің цифрлық сауаттылығы мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану құзыреттілігін дамыту, үздік тәжірибелерді анықтап, білім беру сапасын арттыру.
👩‍🏫 Іс-шара барысында қатысушылар заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізу жолдарын ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сарапшылар алқасы жұмыстарды кәсіби тұрғыда бағалап, үздіктерді анықтады.
🔎 Сарапшылар құрамы:
▪️ Избасаров Ерлан Жаксыбаевич – Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті, «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының сеньор-лекторы
▪️ Далеуова Алмагуль Асауовна – Атырау көлік және коммуникация колледжінің жалпы пәндер бірлестігінің меңгерушісі
▪️ Еркулова Эльмира Сениковна – Атырау энергетика және құрылыс колледжі, басшының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары
🏆 Нәтижелер:
🥇 Бас жүлде – Абдрахманова Айбарша Сагингалиевна, информатика пәні оқытушысы
🥇 1 орын – Забиева Мирамгуль Мураткалиевна, биология пәні оқытушысы
🥈 2 орын – Жұмаш Данагүл Русланқызы,қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы 🥈 2 орын – Хосан Айда Хосанқызы, география пәні оқытушысы
🥉 3 орын – Жумагалиева Айгуль Сарсенбаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
👏 Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз білім беру саласының дамуына үлкен үлес қосады.