Бүгін колледжімізде өткен стартап байқауы шын мәнінде шабытқа, жаңашылдыққа және батыл идеяларға толы болды! 🔥
Байқауға 15 жас стартапер өз жобаларын ұсынып, кәсіпкерлік ойлау мен инновациялық көзқарастың жоғары деңгейін көрсетті. Әр жоба — болашаққа жасалған нақты қадам!
👥 Құрметті қазылар алқасы:
🔹 Атырау облысы Жастар мәслихатының депутаты, кәсіпкер — Ізімғұтов Жанболат Қабиденұлы
🔹 Атырау облыстық жастар ресурс орталығының басшысы — Мансия Сағидоллақызы
🔹 «Атырау Мұнай Өңдеу Зауыты» ЖШС Сынақ орталығы «Орталық зауыт зертханасы» химиялық талдау зертханашысы — Жантілеуова Тұрсынгул Жантілеуқызы
🔹 Атырау облыстық іскер әйелдер өңірлік кеңесінің төрайымы — Мухатаева Гульжан Кадиржановна
🔹 «Shyraq Education» қорының директоры — Абилдаев Данабек Серікұлы
🔹 «Gylym Dauiri» қоғамдық қоры төрағасы — Жанібек Нұрсейіт Жанібекұлы
Әділ бағалап, құнды пікір білдіргендері үшін алғысымыз шексіз! 🤝
🏆 ЖЕҢІМПАЗДАР:
🥇 I орын — Volonteers командасы
Жоба: Волонтерлік платформа
🥈 II орын — Жұмажан Жангүлім Бисенбіқызы
Жоба: “Damu Special” — ерекше балаларға арналған балабақша
🥉 III орын — Code Ninjas командасы
Жоба: Mental-Compass платформасы
🌟 Арнайы марапат
Студенттер арасынан ерекше көзге түскен Табылдиев Нұрхан “BopetAI” платформасымен қазылар алқасының арнайы назарына ие болды.
«Shyraq Education» қорының директоры Абилдаев Данабек Серікұлы тарапынан оған кәсіпкерлік әлеміндегі танымал кітап —
📘 Бизнес с нуля (авторы — Eric Ries) табысталды.
🎖 Барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды
Бүгінгі байқау тағы бір мәрте дәлелдеді:
біздің студенттер — тек білім алушы емес, олар — болашақ кәсіпкерлер, жаңашыл көшбасшылар!
Идеяларыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын!
Бұл — тек бастамасы! 🚀✨
