2026 жылғы 16 ақпанда С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі базасында «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бейіндік облыстық олимпиада ұйымдастырылды. Аталған зияткерлік дода болашақ техник-мамандардың теориялық білімін, бағдарламалық ортада жұмыс істеу дағдыларын және инженерлік ойлау қабілетін кешенді түрде бағалауға бағытталды.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды:
1️⃣ Бірінші кезең – 30 тест тапсырмасы ұсынылып, орындауға 20 минут уақыт берілді.
2️⃣ Екінші кезең – Electronics Workbench платформасында есептер шығарылды. Қатысушылар 30 минут ішінде екі тур бойынша жұмыс істеп, барлығы 20 ұпайға дейін жинау мүмкіндігіне ие болды.
3️⃣ Үшінші кезең – Fluid Sim бағдарламасында пневмо-электрлік сызбаны құрастыру тапсырмасы берілді. Максималды ұпай – 25.
✨ Олимпиада қорытындысы бойынша колледж студенттері жоғары нәтижелер көрсетті. Педагог Иманалиева Самал Тулеушовнаның жетекшілігімен Бауыржанұлы Бижан жүлделі 3-орынды иеленді, ал Зинеш Ардақ алғыс хатпен марапатталды.
Бұл жетістік – жүйелі дайындық пен кәсіби бағыттағы сапалы білімнің айқын дәлелі. Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
