You are currently viewing Автоматтандыру алаңындағы білім бәйгесі: облыстық олимпиада қорытындысы

Автоматтандыру алаңындағы білім бәйгесі: облыстық олимпиада қорытындысы

2026 жылғы 16 ақпанда С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі базасында «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бейіндік облыстық олимпиада ұйымдастырылды. Аталған зияткерлік дода болашақ техник-мамандардың теориялық білімін, бағдарламалық ортада жұмыс істеу дағдыларын және инженерлік ойлау қабілетін кешенді түрде бағалауға бағытталды.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

1️⃣ Бірінші кезең – 30 тест тапсырмасы ұсынылып, орындауға 20 минут уақыт берілді.
2️⃣ Екінші кезеңElectronics Workbench платформасында есептер шығарылды. Қатысушылар 30 минут ішінде екі тур бойынша жұмыс істеп, барлығы 20 ұпайға дейін жинау мүмкіндігіне ие болды.
3️⃣ Үшінші кезеңFluid Sim бағдарламасында пневмо-электрлік сызбаны құрастыру тапсырмасы берілді. Максималды ұпай – 25.

✨ Олимпиада қорытындысы бойынша колледж студенттері жоғары нәтижелер көрсетті. Педагог Иманалиева Самал Тулеушовнаның жетекшілігімен Бауыржанұлы Бижан жүлделі 3-орынды иеленді, ал Зинеш Ардақ алғыс хатпен марапатталды.

Бұл жетістік – жүйелі дайындық пен кәсіби бағыттағы сапалы білімнің айқын дәлелі. Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!