You are currently viewing Қыз баланың қауіпсіздігі: үнсіз қалмау мәдениеті

Қыз баланың қауіпсіздігі: үнсіз қалмау мәдениеті

«Қыз баланың қауіпсіздігі – қоғам жауапкершілігі» тақырыбында Атырау облысы Білім беру басқармасы мен Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде мазмұнды әрі тағылымды кездесу өтті.

Шараның басты мақсаты – қыз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасында жауапты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Бүгінгі қоғамда бұл мәселелердің өзектілігі артып отырғаны белгілі.

Кездесуге Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Майра Жанекешқызы Қожырақова және Атырау ҚПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКБ инспекторы, полиция аға лейтенанты Қарағойшиева Римма Серікқызы қатысып, заң талаптары мен қоғамдағы құндылықтар жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Диалог алаңында некеге мәжбүрлеу, сталкинг, психологиялық қысым көрсету, сондай-ақ әлеуметтік желідегі қауіпсіздік мәселелері жан-жақты талқыланды. Студенттер ашық пікір білдіріп, өздерін толғандырған сұрақтарға нақты әрі кәсіби жауап алды.

Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың өз қауіпсіздігіне бейжай қарамауына ықпал етеді. Қыз баланың қауіпсіздігі – тек отбасының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Құрмет пен жауапкершілік бар жерде – қауіпсіз орта қалыптасады.