You are currently viewing 📣 DIGITAL CASPIAN: GENAI CUP – 2026

📣 DIGITAL CASPIAN: GENAI CUP – 2026

Атырау қаласында «DIGITAL CASPIAN: GENAI CUP: Өңір дәстүрі мен болашақ технологиялары – жастардың қолында» атты облыстық цифрлық жобалар байқауы жоғары деңгейде өтті.

Өтетін орны: Atyrau Hub алаңы.

Байқаудың ұйымдастырушысы – Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі, ал әдістемелік қолдау көрсеткен – Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы.

Сарапшылар құрамы:

  • Алдан Аскар – робототехника саласының маманы, өңірлік IT жобалар жетекшісі
  • Нұрдәулет Ерсайын – жасанды интеллект әзірлеушісі
  • Адайбеков Дархан – өнім дизайны бойынша сарапшы

Байқау барысында студенттер IT, GenAI, мобильді қосымша, веб-жобалар және ойын әзірлеу бағыттарындағы инновациялық жобаларын таныстырды.

Байқау қорытындысы:

Гран-при
Еркебұлан Сұлтан Ерсаинұлы, Златьев Никита Александрович (С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі)

I орын
Әжіғұл Аллабек Мұратбекұлы (Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі)

II орын
Кайкен Дархан Орынбасарұлы, Туленова Диляра Галиденовна (О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі)

III орын
Досжанұлы Ибрахим (APEC PetroTechnic жоғары колледжі)

Қалған 8 қатысушы алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл байқау жастардың цифрлық ойлауын, креативтілігін және инновациялық әлеуетін дамытуға үлкен серпін берді.