You are currently viewing Шетел тілі — бизнес құралы: цифрлық форматтағы ашық сабақ

Шетел тілі — бизнес құралы: цифрлық форматтағы ашық сабақ

Әдістемелік апта аясында «Шетел тілі пәндері» кафедрасының оқытушысы И.Б. Жантурина «Аударма ісі» мамандығының 11/23.34 тобына арналған «Wholesaling and Retailing» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ тәжірибеге бағытталған форматта ұйымдастырылып, шетел тілі тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар сауда және экономика саласындағы кәсіби ойлауды қалыптастыратын маңызды құрал ретінде қарастырылды. Сабақ барысында студенттер көтерме және бөлшек сауданың негізгі ұғымдарымен танысып, олардың ерекшеліктерін және ағылшын тіліндегі терминологиялық айырмашылықтарын талдады.

Сабақтың ерекшелігі — цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану болды. D-ID: AI Generator және LearningApps.org платформалары арқылы білім алушылар интерактивті тапсырмаларды орындап, кәсіби жағдаяттарды модельдеп, экономикалық лексиканы аудару дағдыларын заманауи форматта жетілдірді.

Практикалық бөлімде карта бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылып, студенттер тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі қозғалыс тізбегін құрастырып, өз шешімдерін ағылшын тілінде дәлелдеді. Бұл жұмыс олардың сыни ойлау қабілетін, коммуникативтік дағдыларын және командада жұмыс істеу мәдениетін дамытуға ықпал етті.

Ашық сабақ шетел тілін оқытуда цифрлық құралдарды тиімді біріктірудің мүмкіндіктерін көрсетіп, болашақ аудармашы мамандарды даярлауда пәнаралық тәсілдің маңыздылығын айқындады.