«Шетел тілі пәндері» кафедрасының әдістемелік онкүндік жоспарына сәйкес оқытушы А. Қ. Мухамбеталиева «Аударма ісі» – 11/24.22 тобымен «Simple Tenses» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Қызықты және мазмұнды өткен сабақта Character-AI, LearningApps, Wordwall сияқты заманауи интернет-ресурстар қолданылды.
Сабақ барысында оқытушы көрнекі материалдар мен интерактивті әдістерді тиімді пайдаланды. Студенттер тапсырмаларды жеке және топ болып орындап, жаңа білімдерін дереу тәжірибеде қолданды. Character-AI платформасы арқылы дайындалған диалогтық тапсырмалар студенттердің қызығушылығын ерекше арттырды. Wordwall интерактивті ойындары грамматикалық құрылымдарды тез әрі жеңіл меңгеруге мүмкіндік берді. LearningApps ресурсы арқылы студенттер тақырыпты бекітуге арналған практикалық жаттығуларды орындады. Сабақта студенттердің белсенділігі жоғары болып, әрқайсысы ағылшын тілінде ойын еркін жеткізуге тырысты. Оқытушы толыққанды кері байланыс беріп, қателерді түзетіп, дұрыс тілдік үлгілерді көрсетті. Ашық сабақ студенттердің дайындық деңгейін және тілдік құзыреттілікті дамытуға деген ынтасын айқын көрсетті. Сонымен қатар, сабақ барысында цифрлық білім ресурстарын қолданудың тиімділігі байқалды.
