You are currently viewing Ұрпақтар үндестігі: білім мен жаңашылдық тоғысқан QuizScience байқауы

Ұрпақтар үндестігі: білім мен жаңашылдық тоғысқан QuizScience байқауы

Педагогикалық ынтымақтастық және кәсіби бағдар: «QuizScience» облыстық байқауы

«Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының «Педагогикалық мамандықтарды оқытудағы ұлттық құндылық парадигмасы: жасанды интеллект негізіндегі жаңаша көзқарас және кәсіби өсу» тақырыбындағы әдістемелік апталығы аясында мектеп пен колледж арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, оқушылардың кәсіби бағдарын қолдау мақсатында «QuizScience» облыстық байқауы ұйымдастырылды.

Байқау барысында түрлі мектеп командалары интеллектуалдық қабілеттерін, білімін және командамен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Зияткерлік ортада өткен дода жас буынның ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындай түсті.

Нәтижелері:

🥈
«Абай әлемі»
(#15 Абай атындағы мектеп)
🥇
«Әкімнің көршілері»
(Н.Тілендиев мектебі)
🥉
«PMVK пысықтары»
(ЖБМ Каспий өнірінің көпсалалы жоғары колледжі)

Зияткерлігі жоғары, шығармашыл ойлайтын жас буын жиналған бұл дода көпшіліктің көңілінен шығып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Осындай байқаулар оқушылардың ғылыми көзқарасын кеңейтіп, болашақ мамандығын таңдауда үлкен рөл атқарады.