You are currently viewing Қазан Техникалық және кәсіптік білім беру күні

Қазан Техникалық және кәсіптік білім беру күні

🔷  2 қазан – елімізде алғаш рет Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні ретінде ресми атап өтілуде. Бұл – кәсібімізге деген құрметтің, салаға берілген жоғары бағаның айғағы.

      Білім беру саласының маңызды бір тармағы – Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жылдан-жылға дамып келеді. Колледждеріміз – еңбек нарығына қажетті мамандар даярлап, ел экономикасының тірегіне айналып отыр!

Осы мерекеге орай, колледж дамуына өз үлестерін аянбай қосып жүрген әріптестеріміз:

🔷Ищанова Айтбике,ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен;

🔷 Сарекенова Санди Кимаевна, Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен;

🔷 Иманалиева Самал Төлеуішқызы, Атырау облысы білім беру басқармасының  Алғыс хатымен;

🔷Молдашева Роза Жабиновна, 🔷Оспанова Шолпан Куттыбаевна, 🔷Каражанова Галия Кубайдуллаевна Атырау облысы Білім беру басқармасының жанындағы Ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттарымен мадақталды.

Барша әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт, серпінді серіктестік тілеймін!