You are currently viewing 🎓 «Мен болашақ педагогпін!»: болашақ педагогтердің облыстық байқауы

🎓 «Мен болашақ педагогпін!»: болашақ педагогтердің облыстық байқауы

«Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының «PEDAGOGY NEXT: Болашақ педагог – жаңа дәуір көшбасшысы» атты әдістемелік апталығы аясында студенттердің кәсіби шеберлігін дамыту және шығармашыл болашақ педагогтерді анықтау мақсатында облыстық байқау ұйымдастырылды.

Шара өте тартысты өтті. Қатысушылар педагогикалық қабілеттерін жан-жақты көрсету мақсатында бірнеше кезеңнен өтті:
— Сабақ өткізу – қатысушылар заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, өз пәні бойынша әдістемелік дайындықтарын көрсетті.
— ҚМЖ құрастыру – берілген тақырып бойынша қысқа мерзімді жоспар жасап, оқу мақсаттарын анықтау, әдістерді таңдау және бағалау критерийлерін құрастырудағы кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті.
— Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру – студенттер ұстаз бен ата-ана арасындағы тиімді байланыс үлгісін ұсынып, тәрбиелік мазмұндағы жиналыс сценарийін қорғады.
— Тест тапсырмаларын орындау – педагогика пәні бойынша кәсіби тест сұрақтарына жауап берді. «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша:

🥇 І орын – Амиржанова Айзада Камиевна (Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі)
🥈 ІІ орын – Шамшипан Жасмин (Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі)
🥉 ІІІ орын – Асқарқызы Гүлсезім (Т. Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі)

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығы бойынша:

🥈 ІІ орын – Рамазанова Гүльнур Аслановна (Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі)
🥉 ІІІ орын – Жұмажан Жангүлім Бисенбіқызы (Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі)
🥉 ІІІ орын – Темірхан Мерейлім (Т. Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі)

🔹Алғыс хат – Хатимулла Жайнагүл Табиғатқызы (Атырау жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі).

Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Болашақ педагогтердің кәсіби жолында биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!