You are currently viewing «Тарихпен жүздесу»: музейге танымдық экскурсия

«Тарихпен жүздесу»: музейге танымдық экскурсия

«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы аясында колледж студенттеріне арналған «Тарихпен жүздесу» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияны колледж тарихшылары О. М. Нәжімеденов пен Б. Қ. Қанат Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне өткізді.

Музей экспозицияларымен танысу барысында студенттер туған өлкенің бай тарихы, көрнекті тарихи тұлғалары, мәдени мұрасы мен құнды жәдігерлері туралы тың мәліметтер алды. Экскурсия қатысушылары Атырау өңірінің тарихи өткені, маңызды оқиғалары, салт-дәстүрлері мен мәдени құндылықтары жөнінде білімдерін кеңейтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған жер тарихына деген құрметін арттыру, сондай-ақ заңдылық, жауапкершілік және қоғамдық тәртіп қағидаттарына негізделген азаматтық ұстанымын нығайту.

Осындай танымдық іс-шаралар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, патриоттық сезімін қалыптастыруға, тарихи жадыны сақтаудың және мәдени мұраны құрметтеудің маңызын түсінуге ықпал етеді.

Тарихын таныған ұрпақ – болашағын бағалайды.